БастыСаясат

Қазақстанда Отбасының цифрлық картасына енгізу үшін деректер өзектендіріледі

ҚР Әлеуметтік кодексі аясында Отбасының цифрлық картасын енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтың төрағалығымен өткен кеңесте ақпараттық жүйеге енгізу үшін деректерді өзектендіру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Отбасының цифрлық картасы түрлі мемлекеттік органдардың ақпаратын жинақтайды, бұл кепілдендірілген мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.  Деректерді өзектендіру үшін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі басқа да орталық органдармен және әкімдіктермен бірлесе отырып, бүгінгі таңда ауқымды жұмыс атқаруда. Нақтылау бірнеше санат бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар мектепке дейінгі және мектеп білімімен қамтылмаған балалардың, NEET санатындағы жастардың, МӘМС жүйесіне енгізілмеген тұлғалардың және басқалардың есебін жүргізеді.

Мысалы, деректерді қайта қарау барысында балабақшаларда орын алу үшін 152 мың бала кезекте тұрғаны анықталды. Сонымен қатар 143 мыңға жуық тұрғын үй кезегінде тіркелген.

Еліміздің 2,8 млн азаматы МӘМС жүйесімен қамтылмаған, оның 658 мыңы – жұмыссыздар, 1 млн-нан астамы – бейресми жұмыспен қамтылғандар, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, үй шаруасындағы әйелдер және түрлі платформалар арқылы жұмыс істейтіндер де бар.

Сонымен қатар деректерді өзектендіру барысында 372 мың жеке кәсіпкер, шаруа және фермер қожалықтары белсенді емес, салықтар мен әлеуметтік төлемдер төлемейтіні, 1 миллионнан астам адам тіркелген жері бойынша тұрмайтыны анықталды.

«Отбасының цифрлық картасының мақсаты – мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуде, жұмыспен қамтуда, жәрдемақыларға және басқа да көмекке мұқтаж азаматтар санатын анықтау. Бірқатар өңірлерде деректерді өзектендіру бойынша жұмыс жедел әрі толық жүргізілмей келеді. Министрліктер мен әкімдіктер цифрлық картаға енгізілетін деректердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуі қажет. Бұл жұмыстың аяқталуына бір айдан аз уақыт қалды», — деп, Алтай Көлгінов кеңесті қорытындылады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button