Қоғам

Қазақстандықтардың ипотекаға өтініш беру саны төмендеуде

Қазақстандықтардың ипотекаға өтініш беру саны азайды . Бұл лимиттердің тез игерілуіне және қарыз беру шарттарының қатаңдатылуына байланысты деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық банкі.

Қазіргі тоқсанмен өткен тоқсанды салыстырғанда ипотекаға келіп түскен өтінімдер саны 13% – ға 224 мыңнан 194 мыңға дейін азайды. Банктер сұраныстың төмендеуін»7-20-25″ мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ай сайынғы лимиттердің жылдам игерілуімен байланыстырады. Сонымен қатар, олар әр жылдың бастапқы кезеңдерінде көрінетін маусымдық фактордың рөлін атап өтті. Ипотекалық несиелеу жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты қатандық байқалды. Сондықтан, ипотеканың жоғары құны кейбір банктердегі жеке ипотекалық бағдарламалар бойынша өтінімдердің азаюына әсер етті. Атап айтқанда, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 48 мың ипотекалық несие мақұлданды. Ал ипотекалық кредиттеу сегментінде келіп түскен өтінімдер бойынша кредиттің орташа сомасы 17 миллион теңгені құрады. Есепті кезеңде кепілмен қамтамасыз етілген басқа да тұтынушылық қарыздарға сұраныс 37% – ға 11 мыңға дейін қысқарды. Бұл көбінесе жеке ірі банкке түскен өтінімдердің азаюына байланысты болды. Сондай-ақ, пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылауы және клиенттердің төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптардың қатаюы себеп болды. Мәселен, кредиттеудің осы сегме

Басқа жаңалықтар

Back to top button