Басты

Сенаторлар Жоғарғы соттың жаңа судьяларын сайлады

Сенат депутаттары Жоғарғы соттың жаңа судьяларын сайлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Парламент палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымы бойынша Жоғарғы сотқа жаңа судялар Н.М. Рахметулина және А.С. Түкиев сайланды. Жаңа сайланған судялар ант қабылдады», – делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының сайтындағы деректерге сүйенсек, Назгүл Рахметулина ШҚО облыстық сотында судя болып жұмыс істеген.

Назгүл Рахметулина / Facebook

Аслан Түкиев 2019 жылдан бастап Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары болған.

Аслан Түкиев. Фото sud.gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button