Қоғам

Үндістандық IndiGo лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады

Үндістанның IndiGo төмен бюджеттік әуе компаниясы 2023 жылғы 15 тамыздан бастап Дели – Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен Қазақстанға ұшуларды бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

IndiGo әуе акомпаниясы Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы болып табылады. Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Анықтама:

IndiGo – Үндістанның ең ірі арзан әуе тасымалдаушысы. 2006 жылғы тамызда құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.).

Басқа жаңалықтар

Back to top button