ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Мәселен, 2023 жылғы 23 мамырдан бастап «Fly Arystan» авиатасымалдаушысы Airbus – 320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана – Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.