Саясат

ҚАЖК-де бейнебақылау камераларының көмегімен 3402 құқық бұзушылық анықталды

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пенитенциарлық мекемелерде үздіксіз бейнебақылауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда ҚАЖ мекемелерінде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған, бұл “соқыр аймақтарды” жояды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне үздіксіз бейнебақылауды енгізу құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған.

Бейнебақылау камералары адамның жеке басын немесе автокөлікті анықтап қана қоймай, сонымен қатар оператордың аумаққа визуалды тексеру жүргізуі арқылы жасалған құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесіне ие.

ҚАЖ комитетінде жағдаяттық орталық құрылған. Онда еліміздегі барлық пенитенциарлық мекемелерден бейне көрсетіледі. Бұл колониялардағы жағдайды бақылауға және құқық бұзушылықтарға тек аймақтық деңгейде ғана емес, комитет деңгейінде ден қоюға мүмкіндік береді. Қадағалаушы прокурорлар үшін бейнежазбаларды қашықтан қарау мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бейнебақылау операторлары ұстау режимін бұзудың 3 402 дерегін анықтады. Ал өткен жылы 2 779 құқық бұзушылық болған. Тыйым салынған заттарды енгізудің 4 арнасы анықталды. Арнайы контингенттің 79 қақтығысы мен 9 топтық бағынбауы тоқтатылды. 13 суицид пен 3 қашу алдын алынды.

Бір жылдың ішінде ҚАЖ мекемелерінде қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар саны 4 есеге азайды. Сонымен қатар, мекемелерде үздіксіз бейнебақылауды енгізу сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсартуға және құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алуға бағытталғанына қарамастан, сотталғандар 293 камераны істен шығарды.

Ұстау режимін бұзушыларға қатысты келтірілген залалды өтеумен қоса 45 тәртіптік жаза қолданылды, 49 сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button