Экономика

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізіледі

«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасының заңнамаларын ҚР Бюджет кодексінің 120-3-бабына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

Бұдан бөлек осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 88-бабының нормасын іске асыру мақсатында, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына жіберілетін ақша түсімдерін есепке ала отырып және оларды Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмсай отырып, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын толықтыру бөлігінде әзірленді.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылдың 9 мамырда орналыстырылды.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі –2023 жылдың 19 мамырға дейін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button