Саясат

Білікті маман тапшылығы өнеркәсіптегі еңбек өнімділігіне әсер етеді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов Адами капиталды дамыту жөніндегі II халықаралық форумға қатысып, өнеркәсіп салаларында еңбек ететін мамандардың біліктілігін арттыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.

Вице-министр айтқандай, қазір Қазақстанда  экономиканы әртараптандыруға және индустрияландыру бағытына ерекше басымдық беріліп, бұл орайда өнеркәсіп маңызды орын алады. Алайда осы секторда қажетті мамандармен қамтамасыз етуге байланысты бірнеше өзекті мәселе бар. Бұл бірінші кезекте кәсіби мамандардың тапшылығына қатысты.

Елімізде жоғары және кәсіптік білім беру жүйесі жолға қойылғанына қарамастан өнеркәсіп салаларында мамандарға деген сұраныс пен олардың нақты санына байланысты алшақтық байқалады. Мәселен, инженерия, машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар сынды кейбір мамандандырылған салаларда білікті кадр аз. Сондай-ақ Қазақстан өңірлері бойынша қажетті мамандарды ретімен бөлуге қатысты да өзекті мәселелер бар. Бұдан бөлек жастарды жұмыспен қамтуда өнеркәсіп секторының маңыздылығы жоғары.

«Осыған байланысты 2022 жылдың желтоқсанында ҚР Үкімет жанындағы өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында 50/50 шартымен бірлесіп қаржыландыруды қарастыратын еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған қолданыстағы тетікті кеңейтіп, шетелдік зауыттар мен ұйымдарда отандық өңдеу кәсіпорындарының инженерлік-техникалық персоналын тағылымдамадан өткізу жөніндегі біздің министрліктің бастамасы қаралып, қолдау тапты  (50%-ы РБ-тен, ал қалған 50%-ы кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен)», деді Ілияс Есетұлы.

Тағы бір маңызды қадам өңірлік өнеркәсіп орталықтарын дамытып, жұмыс орындарын ұлғайту саналады. Бұл мақсатқа инвестиция тарту арқылы өңірлердегі инфрақұрылымды дамытып, арнайы экономикалық аймақтарды құру жолымен немесе салықтық және басқа да артықшылықтарды ұсынудың нәтижесінде бизнес өкілдерін тарту арқылы қол жеткізуге болады.

Сонымен қатар аталған міндетті іске асыру үшін мемлекет тарапынан тұрақты қаржыландыру қарастырылуы қажет. Өйткені осы арқылы лекторлар, кәсіпорын директорлары және мемлекеттік органдардың өкілдерімен келісшарт жасасуға мүмкіндік туады. Бұл ретте жұмыс процесінің тиімділігін бағалап, дайындау бойынша сырттан басқа ұйымдарды жұмылдыру қажеттілігін де ескерген жөн.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button