15 000-нан астам дәрілік заттың қаптамасына таңбалау жүргізілді
Алматы облысында кеден қоймасының аумағында алғаш рет 15 000-нан астам дәрілік заттардың қаптамасы таңбаланды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау жүйесі 2022 жылғы шілдеден бастап кезең-кезеңімен енгізіледі және қазіргі уақытта дәрілік заттардың 90 атауына қолданылады. Қазақстандағы бірыңғай таңбалау операторы фармацевтикалық нарықтың қолданыстағы инфрақұрылымына дәрілік заттарды қадағалау жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Цифрлық таңбалаудың мақсаты – цифрлық бақылау технологиялары арқылы көлеңкелі фармацевтикалық нарықты жою болып табылады. Дәрілік заттарды таңбалауды дәрілік заттардың қаптамасының әрбір бірлігіне (бастапқы немесе қайталама) өндіруші/импорттаушы жүзеге асырады.
Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі Қазақстан аумағындағы дәрілік препараттардың айналымын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл айналымның ашықтығын қамтамасыз ету үшін бүкіл әлемде қолданылатын Track&Trace жүйелерінің класы (түрі). Таңбалаудың арқасында ешбір тауар тауар айналымы тізбегіне еш жерден түсе алмайды.
Қадағалау функциясынан басқа, таңбалау жүйесі Naqty Onim тегін қосымшасының көмегімен тұтынушылардың дәрілік заттың жарамдылық мерзімін және сатып алынатын дәрілік заттың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген шекті рұқсат етілген бағаға сәйкес келетіндігін білуіне мүмкіндік береді. Қазақстанда дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тіркелген және айналыстағы дәрілік заттарға белгіленеді.
Шекті бағалар дәрілік заттарға, оның ішінде көтерме және бөлшек сауда үшін белгіленеді және жылына екі рет бекітіледі. Егер таңбалау кодын сканерлеу арқылы сатып алушы дәрілік заттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін және дәрілік заттың құны шекті бөлшек сауда бағасынан жоғары екенін анықтаса, онда сатып алушы Naqty Onim қосымшасында шағым қалдыруға құқылы.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, таңбалау дәрі-дәрмектерді жеткізу мен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуы керек, осылайша пандемия кезінде байқалғандай олардың жетіспеушілігін болдырмауы керек.