Қоғам

Алматыда жыл соңына дейін 167 автобус сатып алынады

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 2019 жылы Алматыға 450 жаңа қоғамдық көлік жеткізілді. Оның 260-ын – коммуналдық парктер, 190-ы жеке тасымалдаушылар сатып алды. 260 автобус – газбен, 180 көлік – жанар-жағармаймен жүреді. Сондай–ақ, 10 электр автобусы бар.

«2020 жылы 167 қоғамдық көлік сатып алу жоспарда бар. Газбен жүретін 120 автобусты коммуналдық парктер сатып алады. Жеке тасымалдаушылар дизельмен жүретін 40 автобус және электрмен жүретін 7 автобус алады», – деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ, Алматыда 10 млрд теңгеге ұзындығы 172 шақырым троллейбус желісі жаңартылып жатыр. Бұл жұмыс 2021 жылы аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button