БастыСаясат

Әлихан Смайылов Тәжікстан Президентімен кездесті

Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның кездесуі өтті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестициялық қызмет, сондай-ақ көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Премьер-Министр Тәжікстан Қазақстанның аймақтағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 19%-ға өсіп,  $1,4 млрд-қа жетті.

«Біз өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз. Тауар айналымын $2 млрд-қа жеткізу жөніндегі алға қойған міндетімізге сәйкес біз Тәжікстан Үкіметімен бірлесіп сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр атап өткендей, бұл бағытта Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясы маңызды рөл атқарады, оның кезекті отырысы осы жылдың сәуір айында сәтті өткен болатын. Сонымен қатар 2023-2024 жылдарға арналған тауар айналымын арттыру бойынша жол картасы қабылданды.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов 3 мамырда көптеген кәсіпорындардың өкілдері қатысқан бірлескен бизнес-форум екі елдің бизнес-қауымдастықтарының жақындасуына септігін тигізгенін айтты. Нәтижесінде жалпы құны $20 млн-ды құрайтын бірқатар маңызды коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Тәжікстан Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін бар күш-жігерін салады. Биыл қазақ-тәжік ынтымақтастығының жоғары қарқыны барлық бағыттар бойынша дамитынына сенімдімін», — деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон республикалар арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың жоғары әлеуетін атап өтті.

«Біздің қарым-қатынасымызды дамыту үшін қажетті алғышарттар бар. Барлық негізгі бағыттарда өзара тиімді іс-қимылдың бай тәжірибесі жинақталды. Мен бүгін қабылданған Одақтастардың өзара іс-қимылы туралы декларацияның тарихи маңызын ерекше атап өткім келеді. Бұл біздің ынтымақтастығымызды нығайтуға кең жол ашады», — деді Эмомали Рахмон.

Тәжікстан басшысы екі елдің бизнес-қауымдастықтарын жақындастырудың, екіжақты сауданы арттырудың және өзара мәдени-гуманитарлық іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз Қазақстанмен ешбір шектеусіз барлық салада ынтымақтасуға дайынбыз», — деді Эмомали Рахмон.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button