Қоғам

Астанада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыс жүргізіледі

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы күн райының жылынуымен су айдындары мен сулы-батпақты жерлерді масалардың дернәсілдік формасының болуына тексеруді бастады, іс-шаралар ғылыми сүйемелдеудің (бейінді жетекші ғалымдар) қатысуымен өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ғылыми сүйемелдеудің мақсаты – масалардың дернәсілдік формасының дамуының барлық кезеңін анықтай отырып, барлық уақытша және тұрақты су айдындарын зерттеу, өсіру көздері мен олардың орындарын белсенді іздеу, сондай-ақ су айдындарынан жаппай ұшып кетуді болдырмау үшін дезинсекциялық өңдеулерді жүргізу уақытын анықтау, бұл өз кезегінде олардың дамуының бастапқы сатысында күресуге мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, масалардың жаппай ұшу формасымен күресу үшін саябақтарда, алаңдарда, тұрғын алаптарда шіркейлерге қарсы іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

Бұл іс-шаралар сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін өткізіледі, өңдеу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтау маңызды:
• ​өңделетін аймаққа баруды шектеу;
•​ өңдеу кезінде терезелерді жабу.
Бұл дезинсекциялық шаралар тітіркендіргіш жәндіктердің санын толық жойылуға емес, азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады.

Қала аумағында дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу үшін механикалық роторлы бүріккіштер, дезинсекциялық машиналар, қамыс өсімдіктері бар қол жетпейтін жерлерді өңдеуге арналған квадрокоптерлер, ал үлкен су айдындарында арнайы жабдықталған қайық пайдаланылады.


Өңдеу жүргізу үшін бекітілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес ҚР және ЕАЭО елдерінің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинсекциялық препараттар пайдаланылады.


Сондай-ақ, биыл су айдындарындағы дернәсілдік кезеңге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар үшін фауна мен флора үшін зиянсыз биологиялық препараттар пайдаланылатынын атап өткен жөн.


Техникалық жабдықтардан басқа, ауқымды дезинсекциялық іс-шаралар үшін дезинсекциялық жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқама жүргізе отырып, дезинсекция бойынша кәсіби қызметке оқытылған 100 дезинфекциялаушы тартылды.


Ауқымды өңдеу барысында басқарушы компаниялар, ПИК, МИБ (тұрғын үй қорының объектілеріне қызмет көрсететін), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, құрылыс объектілері, базарлар, сауда үйлері және басқалары жертөле үй-жайларын абаттандыру және құрғату және оларды дезинсекциялық өңдеу жолымен іс-шараларға қосылуы қажет.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button