Қоғам

Жеке басын куәландыратын құжаттарды тегін алу үшін бірқатар жеңілдік иелеріне мәртебесін растаудың қажеті жоқ

Жеке басын куәландыратын құжаттарды тегін алу үшін бірқатар жеңілдік иелеріне мәртебесін растаудың қажеті жоқ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп азаматтардың әлеуметтік мәртебесін автоматты түрде растау үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын іске асырды. Бұл оларға жеңілдіктің бар екендігі туралы растайтын құжаттарды ұсынбай, паспорттар мен жеке куәліктерді алуға мүмкіндік береді.

Енді көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесі онлайн-режимде азаматтың “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)” Қазақстан Республикасы Кодексінің 622-бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған санаттардың бірі саналатынын айқындайды.

Оларға:

– “Батыр Ана” атағына ие болған;

– “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;

– мүгедектігі бар адамдар;

– Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар;

– ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және басқалар жатады.

Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында “Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар” және “Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын балалар” санаттарына жататын азаматтар туралы мәліметтер жоқ, осыған байланысты олар өздерінің әлеуметтік мәртебесін қағаз жүзінде растауы керек.

Бұдан басқа, осы жылдың ақпан айында Салық кодексіне 16 жасқа дейінгі балаларға паспорт бергені үшін мемлекеттік бажды 8-ден 4 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету туралы түзетулер енгізілді. Түзетулер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button