происшествие

Талдықорғанда электрлі самокаттарды ұрлады деген күдіктілер ұсталды

Талдықорғанда электрлі самокаттарды ұрлады деген күдікпен екі тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 сәуір күні Талдықорған қаласының полицейлеріне жергілікті кәсіпкерлердің бірі хабарласып, екі электр самокат ұрланды деп мәлімдеді. Ер адамның жүзден астам самокаттары бар, оларды қала тұрғындары қаланың бір нүктесінен екінші нүктесіне жету үшін жалға алады. Олардың әрқайсысында JPS және кейіннен пайдалану арқылы төлем жасалатын арнайы бағдарлама орнатылған.

– Самокаттар қаланың әр жерінен ұрланған. Келтірілген залал сомасы – 850 мың теңгені құрады. Жедел қызметкерлер мен патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті бірнеше сағат ішінде тауып, заңды иесіне қайтарды. Күдікті деп 34 және 42 жастағы екі әйел ұсталды, олардың бірі облыс орталығында, екіншісі жақын орналасқан елді мекенде тұрады, – деп хабарлады Талдықорған полициясы.

Екі дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабында (Ұрлық) көзделген қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандарға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button