Балалардың терезеден құлап кетуіне қалай жол бермеуге болады
Соңғы уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайлары жиілеп кетті. Мәселен, өткен аптада ересектердің қарауынсыз қалған 6 балала терезеден құлап кетті. Балаларды қараусыз қалдыру және терезелерді ашуға қарсы қорғаныс құралдарының болмауы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері болып табылады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Көбінесе қайғылы жағдайлардың себептері ата-аналардың кіші балаларын қарау жауапкершілігін үлкен балаларына жүктеу, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін елемеу және москит торларына сену болып табылады. Өйткені, көбінесе балалар оларға сүйеніп, тормен бірге терезеден құлап кетіп жатады, бұл жазатайым оқиғаларға әкеледі. Москит торы қайғылы жағдайдың жиі кездесетін себебі болып табылады, өйткені бала ешқандай қауіп жоқ деп ойлап, терезеге еркін сүйене береді. Москит торлары баланың салмағын ұстап тұруға арналмағанын есте ұстаған жөн.
2023 жылғы 17 сәуірде Ақмола облысының Қосшы қаласында бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалып, 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, үй иесінің 2018 жылы туған ұлы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
20 сәуірде Алматы қаласында ересектердің қарауынсыз қалып, 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, пәтер иелерінің 2019 жылы туған ұлы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
21 сәуірде Астана қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің терезесінен баланың құлау фактісі тіркелді. 2020 жылы туылған бала ересектердің қарауынсыз қалып, 4-қабаттың терезесінен құлап, ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, 23 сәуірде Қарағанды және Балқаш қалаларында 5 қабатты тұрғын үйлердің терезелерінен 2 бала құлап кетті. Ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған балалар 2-қабаттағы пәтерлердің терезелерінен құлап, орташа жағдайда медициналық мекемелерге жатқызылды.
Түркістан облысында бір бала жеке тұрғын үйдің ауласындағы дәретханаға құлау түскен. Үй иесінің 2021 жылы туған ұлы ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда ауладағы дәретханаға құлап түсіп, қайтыс болды.
Осыған байланысты ТЖМ еске салады:
– Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
– Балалар бар пәтерде терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен жарақталуы керек;
– Терезе тұтқасын бала өздігінен аша алмайтындай етіп құлыптаңыз;
– Баланың терезеге шығуына жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алысқа қойыңыз;
– Баланы терезенің алдында тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, себебі бала сіз болмағанда оны қайталауы мүмкін;
– Балаларға ересек адамдарсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз;
– Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.
Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефоны бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.