Денсаулық

Көкшетауда үш камералы кардиостимуляторды орнату бойынша бірегей операция өтті

Ақмола облысында облыстық көп бейінді аурухананың базасында жүрекке үш камералы CR-TD құрылғысын орнату бойынша алғашқы операция өтті. Ақмола дәрігерлеріне арналған мастер-класты ҰҒМО рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің аға ординаторы Ерлан Орманбеков өткізді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

ДДҰ деректері бойынша, өлімнің жетекші он себебінің тізімінде бірінші орынды жүрек-қан тамырлары аурулары алады. Олар Ақмола облысында да бірінші болып қала береді. 2012 жылдан бастап көп бейінді облыстық аурухананың дәрігерлері екі камералы және бір камералы кардиостимуляторларды орнатуда. Көкшетауда үш камералы CR-TD электрокардиостимуляторын орнату операциясы алғаш рет өтті.

CR-TD – бұл жүрек жұмысын синхрондауға арналған құрылғы. Ол жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарда қолданылады. Бізде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастардың саны артып келеді, олар аяқтардың ісінумен, іштің көлемінің үлкеюімен, қалыпты жағдайда алқынумен көрінеді. Пациент тек төсекте отырып ұйықтайды, физикалық жүктеме күрт шектеледі.

«Мұндай пациенттерге үш камералы кардиостимуляторларды орнатуға болады, олар пациенттің жүрегінің жұмысын 100 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді және өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарады. Мұның бәрі жүрек жеткіліксіздігін дәрілік препараттармен емдеумен қатар жүреді», – деп бөлісті №2 кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Юрий Гетманский.

Дәрігерлердің айтуынша, аппарат кенеттен болатын өлімнің алдын алуға мүмкіндік береді. Егер жүрек жеткіліксіздігі бар пациентте кенеттен өміріне қауіп төндіретін аритмия пайда болса және дефибриллятор қажет болса, онда әдетте көмек көрсету уақытты алады. Дегенмен, орнатылған кардиостимулятор пациентті өзі дефибрилляциялауы мүмкін. Аритмияның мониторингі сағат сайын жүргізіледі, егер ол пайда болса, құрылғы 40 Дж электр тогын шығарып, жүрек ырғағын қалпына келтіре алады, осылайша пациент құтқарылады. «Біз әзірге бұл операцияларды шұғыл жағдайда ғана жасаймыз, өйткені оны енді ғана жүргізе бастағадық. Болашақта бұл кардиостимуляторларды жоспарлы түрде орнататын боламыз. Құрылғы қымбат, бүкіл операция шамамен 7 миллион теңгені құрайды және бұл пациенттерді емдеу ұзақтығы шамамен 10 күнді алады. МӘМС шеңберінде сақтандырылған пациент осындай операцияны тегін алуға мүмкіндігі бар», – деп толықтырды Ю.Гетманский.

Ақмола облысында аппарат орнатылған бірінші пациент «Дилатациялық кардиомиопатия»диагнозы бар 42 жастағы ер адам болды.

Мұндай ауру кезінде өмір сүру ұзақтығы анықталған сәттен бастап қайтыс болғанға дейін орта есеппен бес жылды құрайды. Орнатылған құрылғы пациенттің жүрек жеткіліксіздігінің белгілерінсіз қалыпты, толыққанды және жүректі трансплантаттаужасағанға дейін өмір сүруіне мүмкіндік береді. Құрылғының қызмет ету мерзімі – 7-9 жыл, содан кейін аппараттың өзін ауыстыру қажет.

Е. Орманбековтың айтуынша, Астанада мұндай операциялар күнде жүргізіледі, Көкшетауда бұл операция алғаш рет жасалды.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button