Білім

50-ге жуық қазақстандық оқушылар АҚШ-тағы робототехника бойынша дүниежүзілік чемпионатқа аттанды

19-22 сәуір аралығында америкалық Хьюстон қаласында робототехникадан дүниежүзілік FIRST CHAMPIONSHIP 2023 чемпионаты өтеді. Оған 135 елден дарынды балалар қатысады. Оған 110 елден 600-ға жуық команда қатысуда.

Ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушы қорғауға аттанды. Жас өнертапқыштар халықаралық қазылар алқасына техникалық роботтар мен энергетика бойынша ғылыми жобаларды ұсынады. Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құраманың тізімі ағымдағы жылдың ақпан айында Оқу Ағарту Министрлігінің қолдауымен өткен FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында құрылған болатын, деп мәлімдейді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

«Финалдық сайысқа кіші санатында «Adeptus Mechanicus», орта санатында «Play 4 Energy» Алматы қаласының командалары қатысуда. 12-18 жас аралығындағы жоғары санатында Республикалық физика-математикалық мектебінің «AENTA» және Назарбаев Зияткерлік мектебінің «NIS Kyran» командалары бақ сынауда. Олардың барлығы ұлттық кезеңнің жеңімпаздары», – деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар көшбасшылық позицияларын бекітті.

«Біздің оқушылар қазірдің өзінде нағыз чемпиондар. Олар өздерінің роботтары мен ғылыми жобаларын тынымсыз жетілдірді. Елімізді жоғары жеңістермен қуантамыз деп үміттенеміз», – деді USTEM Robotics қорының басшысы Асылбек Мырзахметов.

Чемпионат үш жас санатында өткізіледі: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FT Challenge (12-18 жас). Финал 22 сәуірде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button