Денсаулық

Мәдениет және спорт министрлігі медициналық туризм тақырыбын талқылады

«Kazakh Tourism ҰК» АҚ алаңында ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтың төрағалығымен медициналық туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігінің, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, қазақстандық медициналық туризм қауымдастығының және т. б. өкілдері қатысты.

Спикерлер медициналық қызметтердің сапасын арттыру, медициналық туризмнің тартымдылығын жақсарту, eQonaq жүйесі арқылы шетелдік туристерді тіркеу, сондай-ақ шетелдік пациенттерді тарту мен Қазақстан азаматтарының мұқтаждықтарына сай теңгерімді қамтамасыз ету қажеттігін талқылады.

«2022 жылы қазақстандық санаторий-курорт ұйымдар 900 шетелдік туристке қызмет көрсетті, ал медициналық емдеу мекемелерінде 3 884 шетелдік пациентке қызмет көрсетілді. Елде JCI стандарттарына сай келетін 9 клиника бар және олардың біреуі ғана жекеменшік. Мысалы, бұл стандартқа  Ресейде екі, Өзбекстан мен Арменияда — 1, Италияда — 25, Жапонияда — 30 клиника сай келеді. Біздің министрлік туристік салаға инвестиция тартуды жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау іс-шаралары енгізіліп жатыр. Бұл ретте, келушілер үшін медициналық туризмді дамыту қосымша шаралар қабылдауды, сондай-ақ келу туризмі бойынша медициналық ұйымдар мен туроператорлар арасындағы кооперацияны арттыруды талап етеді деп санаймын», — деді Дастан Рыспеков.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button