происшествие

Талдықорғандық тұрғынның үйіндегі жертөледен 2,5 келіге жуық гашиш табылды

Талдықорғандық тұрғынның үйіндегі жертөледен 2,5 келіге жуық гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу полицейлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық гашиш тәркіленді. Есірткі 46 жастағы ер адамға тиесілі жеке үйдің жерқоймасынан табылды.

– Ұсталған ер адам бұрын жауапқа тартылмаған және жақында ғана полицияның назарына ілікті. Рұқсат етілген тінту кезінде оның үйіндегі еден астынан полиэтилен пакетке салынған салмағы 2 келі 478 грамм гашиш табылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымынан 28 келі түрлі есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 21 келі аса марихуана, 4 келі аса гашиш және 2 келі 40,59 грамм “синтетика”.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button