Экономика

Мемлекеттік ынталандыру шараларының арқасында қазақстандық компаниялар нарық көшбасшыларына айналуда

Цифрлық технологияларды енгізу «Нәтиже» сүт зауытына өндіріс процестерін автоматтандыруға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік ынталандыру шарасы «Нәтиже» Сүт Фабрикасы» ЖШС-на 2023 жылдың бірінші тоқсанында берілді.

Отандық сүт өнімдерін шығаратын жетекші компаниялардың бірі өз тарихын 1995 жылдан бастау алады. Бүгінгі күні оның екі өндірістік алаңы бар, Қарағандыда (сүт, ашытылған сүт өнімдері, сүзбе және сары май өндіретін зауыт) және Көкшетауда (ірімшік, сүт, ашытылған сүт өнімдері, сүзбе және сары май өндіретін зауыт).

Компанияның миссиясы халықты сапалы және пайдалы тағам өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады. Соның нәтижесінде бүгінде «Нәтиже» өнімдерін көптеген қазақстандықтардың дастархандарынан тұрақты түрде көруге болады.

Компания ұзақ уақыт бойы өндірісті есепке алу процестерін цифрландыру туралы ойластырып жүрген, себебі бұл еңбек өнімділігін арттырады және жалпы қызметті жеңілдетеді.

Осы орайда, сүт зауытының басшылығы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығына жүгіну арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алу туралы шешім қабылдады.

Кәсіпорынның өтінімі бойынша «Қазақстан үшін Бухгалтерия 3.0» 1С базасында сүт өнімдерін өндіруді есепке алу блоктарын әзірлеуге және енгізуге шығындар жүргізілді.

 Кәсіпорында мемлекеттік қолдаудың тиімділігі бірден бағаланды. Біріншіден, бұл сүт өнімдерінің есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік береді, оның майлылығы мен түсу көлемінен бастап жартылай фабрикаттарды өндіру процесіне және үстеме және жанама шығындарды бөлуге дейінгі процессті қамтиды.

Сондай-ақ, компанияда сүт өндірісінің ерекшелігіне сәйкес жалақы және кадрлық есеп блогы енгізілді. Енгізілген әзірлемелер сүт өнімдерін өндірістік есепке алу процесін 30% – ға, жол парақтарын есепке алу блогын – 70% – ға, жалақы блогын-50% – ға автоматтандыруға, сондай-ақ қосылған құн салығын бөлек есепке алуға мүмкіндік береді.

QazIndustry қызметкерлерінің айтуынша, өндірістегі процестерді цифрландыру деректерді өңдеуге жұмсалған уақытты үнемдейді және еңбек өнімділігін арттырады.

 Болашақта «Нәтиже» Сүт Фабрикасы» ЖШС тағы бірнеше цифрлық жобаларды енгізуді жоспарлап отыр. Олар кәсіпорын қызметтері арасындағы электрондық құжат айналымына қатысты. Бұл экономистерге, заңгерлерге, жабдықтаушыларға және бухгалтерлерге өзара ақпарат алмасуға, құжаттарды электронды түрде беруге және оларға ЭЦҚ көмегімен қол қоюға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары аясында кәсіпорын шығындарының бір бөлігін өтейді. Толығырақ ақпаратпен www.qazindustry.gov.kz сайтында «Бизнесті қолдау»  бөлімінде танысуға болады.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ баспасөз қызметі

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button