Саясат

Астанада еліміздің минералды-шикізаттық ресурстық базасын арттыруға арналған форум басталды

Елордада MINEX Kazakhstan-2023 XIII тау-кен геологиялық форумы өтіп жатырБұл жер қойнауын игеру мен аса маңызды пайдалы қазбалардың өндірісін дамытуға бағытталған Орталық Азиядағы ауқымды іс-шара, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

«Ұлттық дамудың игілігі үшін жер қойнауын  игеру» аясында ұйымдастырылған форумның жұмысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран ШарханСыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, ҚР ИИДМ Геология комитетінің төрағасы Еран Ақбаровсондай-ақ әлемнің 30 елінен келген 500-ден астам инвестор, сарапшылар мен пайдалы қазбаның өндірісімен айналысатын компания өкілдері қатысты.

Оның барысында қатысушылар Қазақстандағы және Орталық Азиядағы тау-кенсондай-ақ геология саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді әрі жер қойнауын игеру бағытында қажетті технологияларды енгізудің жолдарын талқылады.

«Пайдалы қазбалардың қоры жағынан еліміз үздік мемлекеттердің қатарында келеді. 2017 жылы жүргізілген құқықтық реформа арқылы геологиялық барлауға жеке инвестицияларды тартуға жол ашылдыҚабылданған шаралардың нәтижесінде 700-ден астам отандық юниор компания құрылыпсондай-ақ республикаға әлемдік нарықтың ірі ойыншылары тартылдыҚазір белгіленген учаскелерде зерттеу жұмыстарын нығайтып, геологиялық мәлімет алудың перспективаларын айқындау үшін мемлекеттік бюджеттің есебінен жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр», деді И.Шархан.

Бұл ретте 26-шы мамырда ҚР ИИДМ игерілмей жатқан кен орындарына инвестиция тарту мақсатында қатты пайдалы қазбалар бойынша алғашқы электронды аукцион өткізуді көздеп отырғанын еске сала кетейікОнда жер қойнауын пайдалануға құқық беретін 25 кен орны саудаға қойылады.

Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров 2027 жылға дейін белгіленген отандық геология саласын дамыту тұжырымдамасының іске асырылуы жөнінде қысқаша айтып берді.

«Қазақстанда геологиялық зерттеу мен барлау жұмыстарын күшейту үшін жүйелі шараларды қабылдауға тура келді. Осы бағыттағы өзекті мәселелерді шешудің тетіктері Геология саласын дамытудың 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасында айқындалғанМаңызды құжаттың негізгі мақсаты – пайдалы қазбаларды барлау ісіне инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау», деген комитеттің басшысы геология саласындағы инвестициялық жобаларды талқылап, таныстыруға дайын екенін жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуыншабұл форумның салалық сарапшыларреттеуші органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар және инвесторлардың өзара тәжірибе алмасуларына септігі молБұл орайда Қазақстанның тау-кен секторы ұлттық экономиканың жүйе құраушы саласы саналатынын айта кеткен орындыҚазір өнеркәсіптің осы сегментінде 273 мыңнан астамадам жұмыс істеп жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button