17 сәуірде 5 сағат 05 минутта (Астана уақыты бойынша) 2-ші шағын ауданындағы Жаңаөзен қаласы екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберісінде болжам бойынша табиғи газдың шығуаы салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды. Оқиға орнында өрт орын алған жоқ, Жарылыс салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қирады. Жарылыс кезінде 4 пәтер зардап шекті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен төрт адамның денесін алып шықты. Қазіргі уақытта 6 адам ауруханада ем алуда.
ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны 8/7292/31-90-99 қызмет көрсетуде.
Оқиға орнына ТЖД бастығы полковник Мұрат Мұханов барды.
Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық бірлік және 350-ге жуық адам, соның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер жұмылдырылды.
Сағат 18.15-те барлық авариялық-құтқару және үйінділерді талдау жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігі комиссия құрды. Осы комиссия орын алған жарылыстың мән-жайын анықтап, келтірілген залалды анықайтын болады.