Астанада жол саласында қызмет ететін зертханашылардың алғашқы форумы өтті
Іс-шара «Қазақстан жол ғылыми-зерттеуинституты» АҚ базасында өтті, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Ғылым қызметкерлері күніне орай Қазақстан жолғылыми-зерттеу институтының базасында жол-құрылыс саласындағы сапаны бақылау қызметтеріндееңбек ететін қызметкерлердің алғашқы форумы болыпөтті. Көзделген негізгі мақсат – салада жұмыс істейтінәріптестердің өзара танысып, тәжірибе алмасуы, ортақміндеттер мен мақсаттарды анықтау.
Аталған шараға 30–ға жуық маман, атап айтқандазертханалардың жетекшілері мен қызметкерлері, сондай-ақ техникалық қадағалау инжинирингтікқызметтерінің өкілдері қатысты.
Спикерлердің сөз сөйлеуі барысында семинарғақатысушылар инженерлердің рөлі, халықаралықстандарттарға сәйкес келмейтін жолдарды салуғатехникалық қадағалау мамандарының жауапкершілігіжәне басқа қызықты тақырыптар шеңберінде қызупікірталастар өткізді.
«Мұндай іс-шаралар автожол саласы үшін өтемаңызды. Бұл ретте тәжірибе мен білім алмасудыңзияткерлік алаңы ретінде ғылыми институттыңмаңызы зор. Жол құрылысшыларының мәртебесімен имиджін одан әрі арттыру қажет», деп атапөтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ сынақ зертханасының басшысыМейрамгүл Қабдығалиева.
Жеке сессия шеңберінде семинарға қатысушыларжолшылардың біліктілік базасын және жол-құрылысматериалдарының бірыңғай базасын құру жөніндегіинституттың жобаларымен, сондай-ақ жаңатехнологияларды енгізу алгоритмімен танысты. Сонымен қатар сарапшылармен аталғантехнологияларды іске асыру туралы өзкөзқарастарымен бөлісті.
«Семинарда мамандар материалдардың сапасы, жобалау, нормативтік құжаттардың әртүрліоқылуы, жол құрылысындағы буындар арасындағыміндеттемелер мәселелерін көтерді. Өйткені форум өндірушілерге арналған, ал олар өз кезегіндеавтожолшылардың проблемаларымен жақсытаныс», деді Мейрамгүл Қабдығалиева.