«ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жолшылардыңбірыңғай біліктілік базасын толтыру үшіндеректерді жинау бойынша жұмыстардыңбасталғаны туралы жариялады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі
Осылайша 2023 жылдың сәуір айының басында «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жол саласының бірыңғай біліктілік базасын толтыруға кіріскен болатын. Институт сайтында жол құрылысындағы ЖОО түлектері сынды болашақ мамандар мен қазіргі инженерлер, шеберлер, жобалаушылар туралы әрі басқа да мәліметтер жинау бойынша жұмыстар басталды.
«Институттың сайтында деректерді жинаутуралы хабарландырумен бірге біз жол саласыныңстуденттері, қызметкерлері мен компанияларысауалнамаға қатысып, деректерді толтыруғамүмкіндік алатын сілтеме жарияладық. Жалпыцифрлық база жол еңбек нарығын талдауғамүмкіндік береді», деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ Цифрландыру басқармасының басшысы ҚұрманғазыТілеу.
Жолшылардың бірыңғай біліктілік базасы – бұл салалық еңбек биржасы немесе мамандардың цифрлық қоры. Біліктілік базасы арқылы мердігер ұйымдар онлайн режимінде жолдарды жобалау, олардың құрылысы және қайта құру үшін қажет мамандарды таба алады. Өз кезегінде жол құрылысшылары өздерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталы болады. Өйткені аталған базада олардың дағдылары мен оқыту курстарынан өткендігін растайтын сертификаттар қолжетімді болмақ.
«Біліктілік базасы ҚР автожолмамандарының санаты, өтілі, дағдылары мен сертификаттары туралы мәліметтердісақтайды. Біздің болжамымыз бойынша, бұлбазаның көмегімен білікті кадрлардыңжетіспеушілігі сияқты проблеманы шешеаламыз», деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығыныңдиректоры Гүлжамал Омарова.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол саласы мамандарының бірыңғай біліктілік базасының жобасын жариялап, оны әзірлеумен айналысты. Институт қазірдің өзінде жүйенің прототипін дайындап, авторлық құқыққа ие болды. Ақпараттық жүйені іске қосу 2023 жылдың жаз айларына жоспарланып отыр.