Денсаулық

Вирустық гепатитті емдеудегі жаңа тәсілдер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің стандартында бекітілген

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» стандартты әзірлеп, бекітті.

Стандартта созылмалы вирустық гепатиттермен (СВГ) және асқазан-ішек жолдарының басқа да ауруларымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі көзделгенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, құжатта ҚР тұрғындарына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету деңгейлері (медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдары, гастроэнтерологтың мамандандырылған кабинеті, гепатологиялық орталық, көп бейінді ауруханалар құрылымындағы гастроэнтерологиялық бөлімшелер/төсектер) құрылымдалған.

СВГ-ға зерттеп-қарау жүргізудің алгоритмі мен мерзімдері (ПТР, фиброскан, гастроэнтеролог / инфекционист дәрігердің консультациясы және т.б.) егжей-тегжейлі жазылған.

СГВ бар пациенттерді вирусқа қарсы терапиямен (ВҚТ) қамтуды жақсарту мақсатында бейінді маманның (гастроэнтеролог немесе инфекционист) МСАК деңгейіндегі консультациялық қорытындысы негізінде гепатологиялық орталыққа бармай-ақ «С» (F0-F2) вирустық гепатиті фиброзының жеңіл сатыларында вирусқа қарсы терапияны тағайындау схемасы жеңілдетілді.

Шетелдік тәжірибені ескере отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша оларда ілеспе СВГ анықталған кезде АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың ЖИТС орталықтарында вирусқа қарсы терапия алу мүмкіндігі туралы норма енгізілді. Олар сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымында вирусқа қарсы терапия ала алады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button