Денсаулық

Денсаулық сақтау министрлігі: қант диабетін емдеудің жаңа тәсілдері эндокринологиялық көмек стандартында көрсетілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмекті дамыту жөніндегі Жол картасын орындау шеңберінде «Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» стандартты әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Стандартта эндокринологиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі көзделген. Халыққа эндокринологиялық көмек көрсету деңгейлері құрылымдалған.

Құжатта алғаш рет 2 типті қант диабетін емдеудің заманауи тәсілдері бар жеке тарау көрсетілген. Сонымен, стандартта «диабеталды» ұғымы енгізілді, сонымен қатар диабеттік табан, диабеттік ретинопатия кабинеттерін, функционалдығын егжей-тегжейлі сипаттайтын қант диабеті мектептерін жабдықтау реттелді.

Инсулин терапиясындағы қант диабетімен ауыратын балаларды қамтамасыз ету мақсатында инсулин помпалары мен шығыс материалдарын ұсыну үшін көрсеткіштерді анықтау алгоритмі сипатталған. Комиссияның құрамы және оның құзыреті регламенттелген, ол арқылы медициналық бұйымдарды бөлу жүзеге асырылады.

Алғаш рет 18 жастан асқан қант диабетімен ауыратын пациенттердің жекелеген санаттарын инсулин помпаларымен қамтамасыз ету туралы норма енгізілді, оларға колледж оқушылары, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің студенттері және жүкті әйелдер жатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button