происшествие

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 90 ЖКО тіркелген

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 90 ЖКО тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы жолдарында 90 жол-көлік оқиғасы болған. 120 адам түрлі дене жарақатын алып, 13 адам қаза тапты.

Жол қозғалысына қатысушылардың бәрі ережеге бағына бермейді. Өңірде жыл басынан бері 300-ден астам жүргізуші мас күйде көлік жүргізген. 2521 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған және 800-ден астам жүргізуші тыйым салатын бағдаршамға жүрген. Сондай-ақ 3800-ден астам жаяу жүргінші жол ережелерін бұзған.

Ақтөбе облысы полиция департаменті облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

– Ешқашан жылдамдық режимінен аспаңыз. Қарсы қозғалыс жолағына шықпаңыз, көлік құралын басқару кезінде телефонмен сөйлеспеңіз, тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы және бағдаршамның рұқсат етілген сигналына өтіңіз! Есіңізде болсын басқа адамдардың тағдыры сіздің қолыңызда, – деп ескертеді Ақтөбе облысының полицейлері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button