Алматы мен Самарқанд арасында тікелей рейстер қайта ашылды

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ағымдағы жылғы 18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Рейстерді «FlyArystan» компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) А-320 типті әуе кемелерінде орындайды.

Бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.