МәдениетҚоғам

Дәрістер, концерттер, спектакльдер: осы аптада Астанада қандай іс-шаралар өтеді

Осы аптада, яғни 28 наурыз бен 2 сәуір аралығында елордада ондаған іс-шара өтеді. Жұмыс күндері де, демалыс күндері де түрлі жанрдағы қойылымдар, концерттер ұйымдастырылады. Қаланың мұражайлары мен кітапханаларында танымдық дәрістер мен кездесулер өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

28 наурыз күні сағат 10:00-ден бастап Сәкен Сейфуллин мұражайында бір күн бойы «Қош келдің-әз-Наурыз» атты көрме өтеді. Сағат 10:40-та «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Есірткіге «ЖОҚ» деп айт!» дәрісін ұйымдастырады.

11:00-де Музыкалық жас көрермен театрының сахнасында М. Горький атындағы орыс драма театрының әртістері Т.Уфимцевтің «Щелкунчик» ертегісін, ал кешкі сағат 19:00-де В. Шукшиннің «Светлые думы» әңгімелері бойынша сахналық қойылымын көрсетеді.

Сағат 11:00-де №1 бұқаралық кітапханада «Мағжан жыры мәңгілік» атты мәнерлеп оқу байқауы өтеді.

28 және 29 наурыз күндері сағат 19:00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Джакомо Пуччинидің «Тоска» атты үш актілі қойылымын тамашалауға болады.

Сағат 19:20-да мемлекеттік академиялық филармония SOLO дивертисментін пластикалық қойылымға шақырады.

Кешкі сағат 20:00-де «Жастар» театрының сахнасында «Современник» жастар халық театры «Беда от нежного сердца» музыкалық комедиясын қояды.

29 наурызда таңғы шоу кезінде горькийліктер С.Лыгиннің «Ай, да, Ленька!», ал кешкі сағат 19:00-де Т.Леттстің «Август: графство Осейдж» пьесасы негізінде «Жаздың соңы» трагикомедиясын қояды.

Осы уақытта Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры «Хат» философиялық драмасын қояды, ал NOMAD City Hall сахнасында Алматы Interius театры өнер көрсетеді.

«Жастар» театры осы күні «Фаренгейт бойынша 451 градус» премьерасын ұсынады. Басталуы: сағат 20:00-де.

30 наурыз күні де түрлі іс-шаралар ұйымдастырылғалы отыр. Сағат 10:00-де Тарихи-мәдени мұраның сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету орталығы «Астана ескерткіштері» атты дәріс өткізеді. Сәкен Сейфуллин мұражайында сағат 11:00-де Досмұхамедұлының 140 жылдығына орай «Алаш арысы – Халел Досмұхамедұлы» тақырыбында кездесу өтеді.

Осы күні кешкі сағат 19:00-де бірнеше іс-шара жоспарланып отыр. Олардың қатарында Музыкалық жас көрермен театрында «Шәмші» мюзиклі, «Астана Операда» «Құпия неке» опера-буффасы Доменико Цимароза, Nomad City Hall-да «Four Seasons» Vivaldi – Max Richter концерті, сондай-ақ Қ. Қуанышбаев атындағы театрда «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы бар.

Сол күні сағат 20:00-де «Жастар» театры «Экзамен» спектаклін көрсетеді.

31 наурыз күні кешке таман жұртшылықты түрлі қойылымдар мен концерттер күтеді.

Мәселен, 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік филармонияда «По мотивам Данте…» үрмелі оркестрдің концерті өтеді. Қ. Қуанышбаев атындағы театрда «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасы, QAZAQSTAN ОКЗ-да – Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерттік бағдарламасы Клаудия Перрес фортепиано, Музыкалық жас көрермен театрында – «Гауһартас» музыкалық драмасы өтеді. Сағат 20:00-де «Современник» жастар театры «Жастар» театрының сахнасында «Идеальные незнакомцы» спектаклін орындайды.

1 сәуір Горький атындағы орыс драма театрында сағат 11:00-де С.Астраханцевтің «Братец Лис и братец Кролик» ертегісін, ал кешке сағат 18:00-де «Жаздың соңы» трагикомедиясын ұсынады.

Қуыршақтар театры бұл күні сағат 12:00 және 14:00-де жас көрермендерді А.Салаеваның «Ал сен Алдар Көсемен таныссың ба?» ертегісін қояды.

1 және 2 сәуірде сағат 15:30 және 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Гауһартас» драмасы көрсетіледі. Елордалық циркте осы күндері сағат 16.00-де Sunny Show цирк бағдарламасы өтеді.

Сенбі және жексенбі күндері сағат 17:00-де «Астана балет» театры әлемдік балет жұлдыздарының қатысуымен «Кармен-сюита» қойылымын дайындап отыр.

1 сәуірде сағат 18:00-де елордалық филармония залында «Славян базары 2023» іріктеу өткізіледі. Осы уақытта «Астана Операда» балалар балетін «Ақшақар және жеті ергежейлі» атты екі актіде, ал Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ театрында «Шәмші» элегиясын тамашалауға болады.

Сағат 19:00-де «Жастар» сарайында «На грани» концерті өтеді. Бір сағаттан кейін QAZAQSTAN ОКЗ-да хореографиялық өнер дебютанттарынан Simmetria заманауи хореографиясы туралы бір актілі спектакль өтеді.

2 сәуірде күндізгі уақытта спектакльдерді елордалық қуыршақ театрында, «Астана Опера» театрында тамашалауға болады.

Сағат 18:00-де «Жастар» театрында Е.Аманшаевтың «Адасқан ұлыңды жазғыра көрме, Жаратқан» драмасының премьерасы өтеді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button