Қоғам

«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы басталды

Акцияның мақсаты – наурыз айында халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүгедектігі бар жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініштерді орындау, деп хабарлайды ҚР АҚДМ баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында волонтерлер қазақстандықтардан 300 хат қабылдады. Бүгінгі таңда барлық хаттар таратылды.

Бұл акцияны Мемлекет басшысы қолдап, астаналық бір тұрғынның тілегін орындағаны белгілі.

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сегіз жасар астаналық Ералының үйіне барып, өзі хатта сұраған сыйлықтарды табыс етті.

Акцияға өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысып, игі істер жасай алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button