БастыҚоғам

«Fly Arystan» әуекомпаниясының паркі тағы бір әуе кемесімен толықты

Қазақстан Республикасының әуекомпаниялары әуе кемелер паркін ұлғайту және тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Fly Arystan» әуекомпаниясы бүгін сыйымдылығы 188 орындық «А320nео» әуе кемесін алды. Бұл ұшақ авиакомпания паркіндегі 14-ші, сондай-ақ осындай сыйымдылығы бар төртінші кеме болып табылады. 2023 жылдың соңына дейін әуе паркін 19 ұшаққа дейін, оның ішінде жаңа ұшақтармен кеңейту жоспарлануда.

Осы ұшақтарды пайдалануға беру әуекомпанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырады, уақытылы орындалуына оң әсер етеді. Қазақстандық әуекомпаниялардың әуе кемелер паркін кеңейту жұмыстары жалғасады және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button