происшествие
Қарағанды облысында құтқарушылар 30-ға жуық адамды қар құрсауынан эвакуациялады
25 наурызға қараған түні Қарағанды облысы Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар «Приишимское ауылы – Шоқай кенті» тас жолдың бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалған. Астана-Алматы бағытымен келе жатқан автобус Осакаровкадан 50 шақырым жерде тоқтаған, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілді.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды,оның ішінде бір баланы Осакаровка ауылына эвакуациялады. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Қалғандары медициналық көмекті қажет етпеді.
Қарағанды облысының ТЖД ауа-райы нашарлаған кезде алыс қашықтыққа сапарлардан бас тарту қажеттігін еске салады.