Қоғам

Астанада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарының көрмесі өтті

120-ға жуық отандық компания мектептерді салуға қажетті өз өнімдерін, сондай-ақ мектеп жиһаздарын, керамикалық плиталармен және басқа да материалдармен таныстырды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

24 наурызда елордалық ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырған Құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарының жұмыс көрмесі өтті.

Көрмеге ҚР ИИДМ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Атамекен» ҰКП басшылығы, сондай-ақ 120-ға жуық компания қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 400-ден астам мектеп салу үшін отандық өндіріс өнімін қамтамасыз ету міндеті тұр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов атап өткендей, бүгінде елімізде заманауи мектептер салу үшін барлық қажетті материалдар өндірілуде. Құрылыс үшін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бірінші кезекте отандық құрылыс материалдары сатып алынатын болады. Осы мақсатта қай компания, кімге және қандай көлемде өндіретіні, сондай-ақ осы материалдарды сатып алу процесі қалай жүзеге асырылатынын реттейтін тиімді механизм жасалынбақ.

Сондай-ақ, вице-министр әлеуетті тауар жеткізушілерге жоғары талаптар қойылатынын атап өтті. Жобаларды бағалау кезінде Үкімет бекіткен қолданыстағы нормалар, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибе ескерілетін болады.

Осы іс-шара аясында бизнес-қоғамдастық өкілдерімен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері brain-storm (сұрақ-жауап) форматында талқыланды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар жиһаз өнімдерін өндіру және еңбек өнімділігін арттыруи мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Бұған дейін хабарланғандай, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына қарай бүкіл ел бойынша 401 мектеп салынады. 800 мыңға жуық заманауи оқушылар орнын құруға мүмкіндік беріледі.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button