Білім

Ел бойынша 900-ден аса оқушы жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиадада бақ сынайды

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарларды «Дарын» РҒПО мамандары.

Бұл –  математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша 9-11 (12) сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі зияткерлік сайысы.

«1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілген олимпиаданың мектептік кезеңіне 282 090 оқушы, аудандық кезеңіне 82 854, облыстық кезеңінде 15 651 оқушы қатысып, үздіктер іріктелді. Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық өңірінен келген 900-ден аса оқушы өзара сынға түседі, оның ішінде 88-і олимпиадалық резерв мүшелері.

Айта кетейік, бес күнге созылатын интеллектуалдық дода классикалық форматта өткізіледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімі 25 наурызға жоспарланған.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button