МәдениетҚоғам

Наурызды ұлттық әскери-патриоттық орталықта ерекше қарсы алды

«Наурыз – бірлік мерекесі». Осындай атаумен елордадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында есте қаларлық мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Орталықтың кең залында бой көтерген қазақ ауылы ұлттық нақышымен көз тартады. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Әсенов төл ұжымы мен меймандарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Наурыз ежелден келе жатқан мереке. Бұл мейрам көктемнің келуін, жаңа өмірдің басталуын, амандық пен молшылықты бейнелейді. Біздің ата-бабаларымыз отбасылық құндылықтарға деген көзқарасымен, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы ұрпақтар сабақтастығымен ерекшеленді. Бүгін біз бабадан қалған мұра салт-дәстүрлерімізді көрсеттік, – деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Орталықтың әрбір бөлімшесі қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін ұсынды. Басқарма ұжымы баланың тұсауын кесіп, жолының жеңіл әрі жарқын болғанын тіледі.

Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайдың қызметкерлері жас келіннің бетін ашса, Орталық ансамбльдің әртістері сырға салу рәсімін жасады. Ал Орталық әскери оркестрдің музыканттары құйрық-бауыр жескен құдалық өткізді. Қазақтың халық әндері мен билерін орындаған Орталық өнерпаздары жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға қатысушылар Наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм татты.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button