Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев парадтағы Қазақстан әскерилерін орнынан тұрып, қарсы алды

Бүгін Мәскеуде Жеңіс парады өтті.

Мәскеудегі парадта қазақстандық әскерилер алаңды басып өткенде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орнынан тұрып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Мәскеудегі Жеңіс парадынан желіде фотосуреттер жариялады.

Суреттердің бірінде Тоқаев Қызыл алаңда жүріп келе жатқан Қазақстан әскерін қарсы алуға тұрғаны көрінеді.

Бүгін, 24 маусымда Мәскеуде Жеңіс шеруі өтті. Оған Беларусь, Өзбекстан, Босния және Герцеговина, Молдова, Тәжікстан, Сербия, Оңтүстік Осетия, Абхазия президенттері, сондай-ақ Қазақстан қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button