БастыСаясат

Сенат Төрағасы Парламент сайлауында дауыс берді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауда дауыс берді. Палата Спикері елордадағы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Мәулен Әшімбаев соңғы жылдары елімізде жүргізілген жүйелі жаңғыртулардың нәтижесінде барлық саяси құрылым мен қоғамдық-саяси қатынастардың парадигмасы түбегейлі өзгергенін атап өтті.

Сонымен қатар Палата Төрағасы биыл Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы жаңа жағдайлар мен міндеттерге сәйкес өтіп жатқанын тілге тиек етті.

«Бұл сайлауда қазақстандықтар бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттығына қатысып жатқан кандидаттарға дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ партияларды тіркеу шегінің төмендеуіне байланысты сайлауға жаңа саяси күштер қатысып жатыр. Үгіт-насихат жұмыстары да бәсекеге толы, қызу және ашық жүргізілгенін атап өткен жөн. Мұның бәрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан реформалардың маңызды, уақтылы және қажет екенін көрсетеді. Сондықтан барша қазақстандықты елдегі жүйелі өзгерістерді қолдауға, Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырамын», – деді Сенат Спикері.

Айта кетейік, елімізде сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық нормаларға сай өтуі үшін барлық шара қабылданды. Сайлау барысына мониторинг жүргізу үшін 12 халықаралық ұйым мен 41 елден келген 700-ден астам байқаушы аккредиттелген.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button