Қатты пайдалы қазбаны өндіруге қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Цифрлы үкіметті қолдау орталығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен қатты пайдалы қазбаларды пайдалану мәселелеріне арналған жиын өткізілді.

Кездесуге «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ-ның, Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығының, сондай-ақ «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-ның өкілдері мен 50-ден астам жер қойнауын пайдаланушы қатысты.

Жиын барысында бизнес-процесстерді реинжинирингілеу және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар мен ескертпелер қарастырылды.

Бұл ретте министрлік жер қойнауын пайдалану саласын жақсартуға байланысты мүдделі тараптарды белсенді қатысуға шақырып, https://t.me/mineralsgovkz телеграм-чатында ұсыныстар мен ескертпелерді қабылдауға дайын екенін еске салады.