Құдайберген Сұлтанбаев бір спектакльге шыққан кезде, көрермендер дүрк етіп күлген. Бұдан кейін актер сыртқа шығып, әбден жылап алған екен.
Бұл туралы белгілі актер Нартай Сауданбекұлы Есен Елеукеннің «Yesti Podcast» жобасына берген сұхбатында айтып берді.
«Бір рөл сенің бағыңды ашуы да мүмкін және сол сенің сорың да болуы мүмкін. Мысалы Шурикті ойнаған актер «Маған бір драмалық, трагедиялық рөл беріңдерші» деп өмір бойы армандап, режиссерларға жалынып өткен екен. Алайда өтініші қабылданбаған. Өйткені оны «Шурик» деп қана қабылдаған. Бұл – актерлікті кәсіп еткен адамның үлкен трагедиясы… Мысал ретінде Құдайберген ағамыз …» деді актер.