Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Съезге жоғары деңгейдегі діни және рухани көшбасшылар қатысады деп жоспарланған. Съезд Хатшылығы форумды ұйымдастыру және мазмұны жағынан жоғары деңгейде өткізу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.
Мәулен Әшімбаев Парламенттің VII шақырылымдағы 2-сессиясында Сенат атқарған жұмыстардың қорытындысы жөнінде мәлімет берді. Қазіргі уақытта Парламент 68 заңды қабылдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жолдады. Сенат депутаттары осы сессия барысында 18 заң жобасына бастамашы болған.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына Конституциялық реформалар аясында заң шығару процедурасын оңтайландыру үдерісі жөнінде ақпарат берілді.