Осы аптада елорданың мәдени мекемелері қала тұрғындарына арнап 30-ға жуық іс-шара өткізеді. Олардың қатарында концерттер, байқаулар, спектакльдер мен мерекелі күндерге орайластырылған бағдарламалар бар, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
24 маусым күні сағат 19:00-де мемлекеттік академиялық филармония «Ғазиза Жұбанованың мұрасы» симфониялық оркестрінің ХХІІ концерттік маусымының жабылуына шақырады. Сол күні филармония әртістері «Ел жүрегі – Астана» қайырымдылық концертін «Үміт» дағдарыс орталығында қояды. 26 маусым күні сағат 17:00-де елорда тұрғындары ҚР Мемлекеттік триосының «Forte Trio» аспаптық және вокалдық камералық музыкасының «Я помню вальса звук прелестный» концертін тамашалай алады.
23 және 24 маусымда елорда жағалауындағы Амфитеатр алаңында Ұлттық ұланның ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Әскери керней» әскери оркестрлер фестивалі өтеді.
24 маусым күні «Жастар» сарайының концерт залында ҚР Ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай концерттік бағдарлама өтеді. Түстен кейін осы залда шығармашылық кездесу және кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылады.
26 маусымда Амфитеатрда елордалық полиция департаменті қаланың және «Жастар» сарайының шығармашылық ұжымдарымен бірге халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай «Менің есірткісіз әлемім!» іс-шарасын өткізеді.
«Жастар» театры осы аптада үш қойылымды көрсетеді. 21 маусымда сағат 19:00-де көрермендерді Е.Уахитовтің «Құдалар» комедиясы, 23 және 24 маусымда сағат 11:00-де балалар С.Астраханцевтің «Достық пен бұлақ» ертегісі, 26 маусым күні сағат 19:00-де Ж.Сомжүректің «…Көзімнің қарасы» музыкалық драмасы өтеді.
М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры 21 маусым күні сағат 11:00-де М.Супониннің «Ешкі – Дереза» ертегісін, ал ертеңінде сағат 19:00-де «Соғыстан ұзаған сайын…» музыкалық-поэтикалық композициясын ұсынады.
24 маусымда «НАЗ» мемлекеттік театрының әртістері Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының 30 жылдығына орай өнер көрсетеді.
24 маусым күні сағат 16:00-де қуыршақ театрында, 25 және 26 маусым күні сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де жас көрермендер ертегі желісі бойынша «Ер Төстік» спектаклін тамашалай алады.
24 маусым күні сағат 10:00-де Әзербайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры NOMAD City Hall залында судьялар мен сот қызметкерлері күніне арналған іс-шара өткізеді. Күндіз театр сахнасында «Үздік сериалдардың музыкасы» атты концерттік бағдарлама қойылады.
Музыкалық жас көрермен театры 20 маусым күні сағат 19:00-де «Шәмші» мюзикліне шақырады. 23 маусым күні кешке «Махаббат-жүрек» музыкалық-поэтикалық спектаклі өтеді. 24 маусым күні Жастар «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын, ал 25 маусым күні «Табысты орын» комедиясын көрсетеді.
Елорданың орталықтандырылған кітапхана жүйесі де бірқатар іс-шара жоспарлап отыр. 24 маусымда №5 балалар кітапханасында «Жазды бекер өткізбе – кітапханаға кел! …», № 10 бұқаралық кітапханада бейнеролик түсіріп, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау және қырағылық туралы айтылады. Апта бойы 21-25 маусым аралығында №15 бұқаралық кітапханада арт-терапия, шахмат, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі бойынша клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді. 25 маусымда №5 балалар кітапханасы «Бірге оқимыз» мәнерлеп оқу клубының отырысына шақырады.
26 маусым күні Астаналық саябақта маусым айының екінші сенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік тоқу күніне арналған «Жақсылық шуағы» іс-шарасы өтеді.
Сәкен Сейфуллин мұражайында 20 және 23 маусым күндері дәстүрлі бейнеэкскурсия өткізіледі, оған мекеменің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына онлайн қосылуға болады.
24 маусымда «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені жас экскурсоводтар арасында «Нашақорлыққа «жок» дейміз» тақырыбында дәріс ұйымдастырады. 26 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері жыл сайынғы «Біз есірткіге қарсымыз» акциясына қатысады.