БастыМәдениет

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген жарлық мәтінінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button