БастыСпорт

Атақты бразилиялық футболшы «Қайратқа» ауысты

Қазақстандағы аладоп аламаны да ұзақ үзілістен кейін есті жинап, чемпионатты жаңғыруға дайындалып жатыр.

Жоспар бойынша ел бірінішілігі шілдеде басталуы керек. Осыған байланысты командалар ойыншыларын түгендеп, оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Мәселен, алматылық «Қайрат» жаңа шабуылшымен толыққан.

Бұл жөнінде бразилиялық легионер Вагнер Лав өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазыпты. Бірақ алматылық клуб бұл ақпаратты әзірге растамады.

Айта кетейік, 36 жастағы футболшы бұған дейін бразилиялық «Коринтианс» сапында өнер көрсетті. Одан кейін ресейлік ЦСКА-ға ауысатыны айтылған. Бірақ соңғы таңдауы қазақстандық клубқа түсіпті және қос тарап арасында келісім де бар дейді футболшы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button