БастыҚоғам

БҚО-да карантинге байланысты қосымша шектеулер енгізілді

Демалыс күндері сауда орталықтары мен базарлар жабық болады. 24 маусымнан бастап көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.

БҚО-да карантинге байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирусқа байланысты аймақтағы тұрақсыз жағдайды ескере отырып, демалыс күндері – 2020 жылдың 27 маусымында сағат 00: 00-ден 29 маусымның 00: 00 уақытына дейін мынандай қосымша шектеу шаралары енгізіледі:

1. Азаматтардың қозғалысы шектеледі, тек мынандай жағдайда рұқсат бар:

– тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және керісінше, егер жұмыс орнынан үйіне баратындарға, онда да қолдарында анықтама қағазы (немесе қызметтік куәлік) болса;

– тамақ, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрғылықты жері мен жұмыс орнына жақын маңнан сатып алуға;

– медициналық ұйымға төтенше жағдай туындап бару керек болғанда;

– тұрғылықты үйінің маңайында үй жануарларын серуендетуге алып шығуға;

2. 65 жастан асқан адамдарға қатты қажеттіліксіз көшеге шығуына тыйым салынады;

3. Жұмысы тоқтайды:

– «онлайн сату» форматынан басқа сауда үйі, сауда орталығы, базарлар, сауда желілері;

– қоғамдық көліктердің жұмысы;

– саябақтардың, алаңдардың, жағажайлардың және басқа да демалыс орындары;

– фитнес орталықтар және басқа да спорттық нысандар;

4) қоғамдық тамақтану орындарына тек қашықтық сақталған жағдайда және ашық, аспан асты форматында, отыратын, орындар саны 30-дан аспайтындарына ғана рұқсат етіледі;

2020 жылдың 24 маусымында сағат 00: 00-ден бастап көлік құралдарының қозғалысы сағат 23.00-ден 06.00-ге дейінгі аралықта шектеледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button