Түркияға арзан жолдама алып беруге уәде берген алаяқ азаматтарды сан соқтырып кетті
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті “Алматы” ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында оның Түркияға арзан билеттерді беремін деген сылтаумен ақшаны алдап иемденгені анықталды.
Елорда тұрғынынан 520 мың теңге алдын ала төлем алып, ұмытылмас демалыс ұйымдастыруға уәде берген алаяқ клиентті түксіз қалдырған. Ер адам полицияға арызданған. Бұрын сотталған күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары оның тағы бір алаяқтық фактісіне қатыстылығын анықтады. Ол 22 жастағы қыздан 300 мың теңге алып, заңгерлік қызмет көрсетуге уәде берген.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, алдын ала төлем жасаудан бас тартуды және көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеруді ескертеді.