БастыСпорт

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC промоушеніндегі жекпе-жегін асыға күтетінін айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұмағұловтың әлемнің ең мықты промоушенімен келісімшартқа отырғаны туралы ақпанда белгілі болған еді.

Cпорт порталының мәліметінше, Жалғастың UFC-дегі бірінші жекпе-жегі 11 шілде Абу-Дабидегі UFC 251 турнирінде өтеді. Қазақстандық файтердің қарсыласы – бразилиялық Раулиан Пайва.

«Осы жекпе-жекке өте асықпын», – деп жазыпты Жұмағұлов Instagram желісінде жекпе-жектің афишасын жариялап.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button