БастыСпорт

Словакиямен өткен матчта Қазақстан құрамасы сенсация жасап, жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы екінші ойынын Словакияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

Словакияда өткен матчта Қазақстан құрамасы сенсация жасап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды алғашқы таймда Аслан Дарабаев соқты.

Айта кетейік, Магомед Адиев шәкірттері бұған дейін Әзербайжан құрамасынан 2:0 есебімен басым түскен еді.

УЕФА. Ұлттар лигасы. С тобы

Словакия – Қазақстан – 0:1 (0:1)

Гол соққан: Дарабаев

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button