Басты

Шымкент қаласының әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов полиция қызметкерлерін кәсіби мереклерімен құттықтады.

«Құрметті полиция қызметкерлері! Кәсіби мереке құтты болсын! Қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығы жолында еңбек етіп жүрген сіздерге алғыс айтамын!

Шымкент қаласында 3 мыңға жуық полиция қызметкері аянбай еңбек етуде.

Әлемді алаңдатқан коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 18 бұғаттау бекеттерінде 2,5 ай бойы Полиция департаментінің 2000 мыңға жуық қызметкері уақытпен санаспай тәулік бойы өз міндеттерін адал атқарды. Маңызды нысандарды, медициналық мекемелер мен карантиндік аймақтарды күзетті.

Осы уақытта Шымкенттегі қылмыс саны 42,8 пайызға төмендеді. Қызмет бабында жүріп тәртіп сақшылары басын қатерге тігетін кездері де аз емес. Батылдық пен қырағылықты қажет ететін қызметте жүректілер мен білектілер еңбек етеді деп білемін.

Қазақстан полициясы күні – осы салада тер төгіп жүргендер барша азаматтарға алғыс айтатын күн.

Халыққа қызмет етуді абыройлы парыз деп білетін, антына адал полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін»,- деп жазды Мұрат Әйтенов өзінің instagram  парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button