БастыМәдениет

Мәдени демалыс: Нұр-Сұлтанда осы аптада қандай іс-шаралар өтеді

Осы аптада Қазақстанда бірнеше атаулы күндер мен мерекелер атап өтіледі: 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Осы іс-шаралардың құрметіне орай елорданың мәдениет мекемелері кез-келген жасқа арналған түрлі іс-шаралар дайындап отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың мемлекеттік академиялық филармониясы 1 маусым күні сағат 19:00-де «Ертегілер әлемі» мерекелік концертін ұйымдастырады. 4 маусым күні сағат 17:00-де «Астана» залының сахнасында Нұржамал Үсенбаеваның еліміздің мемлекеттік рәміздеріне арналған «…Еркін өмір елім саған» атты шығармашылық концерті өтеді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астаналық цирк «Цирк – ғажайыптар елі» мерекелік бағдарламасына шақырады, қойылым 1 маусым күні сағат 10:00, 12:00 және 16:00-ге жоспарланып отыр.

3 маусым сағат 11:00-де сарайдың концерт залында М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері «Братец Лис и братец Кролик» ертегісін қояды.

Сол күні сағат 19:00-де Амфитеатрда Қазақ ұлттық өнер университеті «ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ» концерттік бағдарламасын ұсынады. 4 маусым күні сағат 12:00-де осы сахнада «Жастар» сарайы концерт береді, сол сияқты «Academy Istina Dance» би академиясының тәрбиеленушілері есепті концертпен өнер көрсетеді. 5 маусым күні сағат 13:00 және 18:00-де «NOMAD» хореография академиясы да есеп береді.

1 маусым күні сағат 11:00-де горькийлықтар А.Болдиновтың «Приключения Аистенка» ертегісін көрсетеді.

1, 3-6 маусым күндері қуыршақ театрында бүлдіршіндер М.Аргимбаеваның «Мультфильмдер әлеміне саяхат» мюзиклін тамашалай алады.

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Nomad City Hall-да қайырымдылық іс-шарасы өтеді. 3 маусым күні сағат 16:00 және 20:00-де осы сахнада «КТА» ойыны өтеді.

Музыкалық жас көрермен театры осы аптада 6 қойылым көрсетеді: 2 маусымда сағат 19:00-де «Шанель №5» деректі драмасын көруге болады. 1 маусым күні сағат 14:00-де «Күлше қыз» музыкалық ертегісін ұсынады, сол күні сағат 19:00-де «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы өтеді. 2 маусым күні сағат 11:00-де «Ғашық-жүрек» музыкалық-поэтикалық спектаклін тамашалауға болады. 3 маусым күні сағат 12:00-де «Табысты орын» әлеуметтік комедиясын, ал кешке сағат 19:00-де «Шәмші» мюзиклін көрсетеді.

1 маусым күні сағат 10:00-де «Наз» мемлекеттік би театры «Балалық шақ – балдәурен» концерттік бағдарламасына, ал 17:00-де «U-SANA» хореографиялық спектакліне шақырады.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі дәстүрлі түрде түрлі танымдық және дамыту іс-шараларын дайындап отыр. 1 маусым күні № 2 бұқаралық кітапханада «Бала деген бір бақыт!» іс-шарасын, №5 бұқаралық кітапханада кітап көрмесі, «Родом из детства» балалар шығармашылығының инсталляциясы, № 7 бұқаралық кітапханада «Бала біздің бақытымыз» әдеби кеші, № 9 бұқаралық кітапханада «Балаларға арналған қызықты ойын-сауық сағаты ұйымдастыру» ойын-сауық сағаты, № 10 бұқаралық кітапханада «Бар мейіріміміз балаларға» мерекелік кеші, Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасында «Ашық аспан астындағы сурет галереясы», Халықаралық балаларды қорғау күнінде № 2 Балалар кітапханасында «Ах, эта дивная пора» ойын бағдарламасы, №3 балалар кітапханасында «1 маусым Балаларды қорғау күні» мерекелік кеші, №4 балалар кітапханасында «Корзинка вкусных загадок» әдеби-ойын-сауық ойыны және ««Украсим детство радугой любви!», №8 балалар кітапханасында «Пусть детство дивное смеётся!» іс-шарасы өтеді.

Сонымен қатар 2 маусым күні № 5 балалар кітапханасында «Қазақстан Республикасының рәміздері – ұлттық мақтаныш» танымдық ойынын ұйымдастырады. Түстен кейін № 12 бұқаралық кітапханада «Тарих аясындағы үш символ» атты тарих сабағы, №5 бұқаралық кітапханада «Елтаңба, Ту және Әнұран» геральдикалық эссе, №2 балалар кітапханасында «Елтаңба – егемендік айғағы!», 4 маусым күні № 4 бұқаралық кітапханада «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты патриотизм сабағы, №10 бұқаралық кітапханада «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» іс-шарасы ұйымдастырылады. Сол сияқты №15 бұқаралық кітапханада арт-терапия, шахмат, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі бойынша клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

Біріккен мұражайлар дирекциясы да шетте қалмады. «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде 1 маусым күні «Балалық балғын шақтар-ай» тақырыбында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылады, сол сияқты 3 маусым күні ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай дәріс өткізіледі. Ал 4 маусым күні дирекция Ақмол ауылының «Рухани жаңғыру» саябағында мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өткізеді.

5 маусым күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің нышаны» атты дәріс ұйымдастырылады. Сәкен Сейфуллин музейінде 1 маусымға дейін «Зобалаң құрбаны – Сәкен» атты көрме жұмыс істейді. 1 маусымда Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлының «Балаларға балдай жыр» атты балаларға арналған өлеңдер жинағы таныстырылады. 3-8 маусым аралығында мұражайда «Рәміздер – тәуелсіздік белгісі» фотокөрмесі өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button