Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Рубен Андриасянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев М.Лермонтов атындағы Орыс ұлттық драма театрының ұжымына Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор Рубен Суренович Андриасянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Белгілі қоюшы-режиссер және білікті педагог Рубен Суренович театр өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ол ширек ғасыр бойы М.Лермонтов атындағы драма театрды басқарып, елімізде және шет елдерде жүзден астам қойылымдарды сахналады. Рубен Суренович кісілік келбеті жоғары жан еді. Өзінің өмірлік және қызметтік ұстанымдарын жас ұрпақтың бойына сіңіре білді. Рубен Суреновичтің есімі жадымызда мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.